22.12.22 ж. Ualikhanov University ғылыми кеңес залында Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес аясында "Әділдік жолы" тақырыбында кездесу өткізді.
Аталған кездесуге академиялық мәселелер жөніндегі проректор Медетов Нұрлан Әмірұлы, Жоғары бизнес және құқық мектебінің директоры Ысқақов А. Ж., құқық кафедрасының меңгерушісі Рахметулина Б. С., лектор, құқық кафедрасының магистрі Наурызбаев Е. А., Максименко Е. В., ғылыми қызметкер Құсайынова А. К., ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департаменті басшысының бірінші орынбасары, Ақмола облысы бойынша Жақиялин Айдос Жаңбырбайұлы, "Әділдік жолы" РҚБ филиалының басшысы Исмағұлов Алмат Маратұлы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті превенция басқармасының бас маманы Құсайынов Аманжол Амангелдіұлы, Ақмола облысының қоғамдық кеңесі жанындағы заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның мүшесі, "Әділдік жолы" РҚБ филиалының сарапшысы Тайтенова Самира Өмірбайқызы қатысты.
Шақырылған қонақтар бүгінгі таңда демократиялық қоғам құрудың басым міндеттерінің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес екенін айтты. Бұл тақырып бүгінгі таңда өзекті мәселе болып табылады.
Университеттің құқық, шығармашылық және спорт кафедрасының студенттері "Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы" бейнероликтер байқауына қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Қонақтар мен қатысушылар студенттерді адал болуға шақырды. Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттерінің бірі.
«Адалдық» деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады.