2024 жылғы 23 қазанда Жоғары медицина мектебінің директоры, медицина ғылымдарының докторы Светлана Қабденқызы Мұратбекова Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Бұл оның медицина ғылымы мен білімін дамытуға қосқан зор үлесін мойындау және жоғары құрмет. Мұндай мамандарды марапаттау олардың денсаулық сақтау сапасын арттырудағы және болашақ дәрігерлерді даярлаудағы күш-жігерінің маңыздылығын көрсетеді. Біз көшбасшымызды мақтан тұтамыз және оны осы лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!