24 сәуірде Ualikhanov University-де Ақмола облысы аудандар әкімдер орынбасарларының кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты Ualikhanov University-нің Ақмола облысының өңірлерімен стратегиялық әріптестігін дамыту болды.Отырыс барысында университеттің білім беру бағдарламаларымен танысып, университеттің Ғылыми жетістіктері туралы ақпарат ұсынылды.
Кездесу бағдарламасына жоғары медициналық мектебінің білім беру бағдарламаларымен таныстыру кірді.Тараптар кездесудің нәтижелерін талқыланып, университеттің Ақмола облысының өңірлерімен стратегиялық бағыттары жоспарланды. Сондай-ақ, қонақтар үшін университет бойынша экскурсия өткізілді.
Кездесуге Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Б. Әміренова, "Ш.Уәлиханов атындағы" КЕАҚ бірінші проректоры Ғ.С. Байтұқ, Ақмола облысы аудандары әкімдерінің орынбасарлары, ғылыми жұмыс және өңірмен өзара іс-қимыл жөніндегі проректор Айгүл Жақыпова, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Нұрлан Медетов, интернационалдандыру және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректор Жайлагүл Сағындықова, жоғары медицина мектебінің директоры С.К. Мұратбекова қатысты.