2023 жылғы 24 ақпанда академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің экономика факультетінде студенттер мен магистранттардың "Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының жаңа буыны және қазіргі заманғы мәселелері" атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Республикалық конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша өтті:

  1. Қазіргі жағдайда Қазақстан экономикасын дамытудың әлеуметтік-экономикалық мәселелері.
  2. Қазіргі жағдайдағы және перспективадағы менеджментті дамытудың басымдықтары мен тенденциялары.Есеп, бағалау және аудитті дамыту мәселелері мен перспективалары.
  3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму мақсаттарына қол жеткізудегі экономиканың қаржы-кредит секторының басымдықтары.
  4. Қазақстан экономикасы салаларының дамуын маркетингтік зерттеу.

"Банк ісі және қаржы менеджменті" білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері Манжанов Бекзат, Епеш Нағима "Бизнес және қызметтер" кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, қауымдастырылған профессордың м.а. Утегенова Жулдыз Сайрановнаның ғылыми жетекшілігімен конференцияның пленарлық отырысында " Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ СТАРТАПТАР ЭКОЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ ТӘЖІРИБЕСІ ТУРАЛЫ" тақырыбымен сөз сөйледі және 1 жүлделі орынға ие болып, дипломмен марапатталды.

  1. Баяндама конференцияға қатысушылардың қызығушылығын тудырып, көптеген сұрақтар қойылды, олардың көпшілігі зерттеу тақырыбында әрі қарай жұмыс істеу үшін өте пайдалы.

Жалпы, конференция мен секциялар жұмысы достық атмосферада өтті.

Әркім өзіне жаңа және пайдалы нәрсе алды, сонымен бірге өз білімін басқа қатысушылармен бөлісті.

Конференцияға қатысушылар конференция ұйымдастырушыларына конференцияның

мазмұнды және жемісті бағдарламасы, оның жоғары кәсіби деңгейі мен жұмыстың үйлесімділігі үшін зор алғыстарын білдірді.

Бұл конференция қатысушылардың бойында жан толғанысын туғызып, зерттеу қызметінде үлкен тәжірибе берді.