24 ақпанда Индонезия Республикасының Қазақстан Республикасындағы және Тәжікстан Республикасындағы Елшісі Мохамад Фаджрул Рахман мырза Ualikhanov University-е барды. Университет басшылығымен кездесу барысында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Делегация құрамында ақпараттық, әлеуметтік-мәдени мәселелер жөніндегі үйлестіруші Джунис Дуана Сираит мырза, сондай-ақ елшілік қызметкерлері Сейсенқұлова Гүлнұр ханым мен Агунг Сапутра мырза болды.
Сапар аясында студенттер мен оқытушылар құрамы үшін Индонезияның халықаралық қатынастары мен сыртқы саясаты мәселелері бойынша «Indonesia Diplomacy» қонақтық дәрісі өтті.