Кеңес барысында 2025 жылғы 14–16 қазан аралығында Алматы қаласында өткен Инклюзия жөніндегі Дүниежүзілік конгреске қатысу қорытындылары бойынша ағымдағы мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар, «ЖОО жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар» атты әзірленген әдістемелік құралға авторлық құқық пен ISBN алу үшін құжаттар дайындау, сондай-ақ »Нәтижелі ғылым» байқауына өтінім дайындау мәселелері талқыланды.

Зертхана құрамындағы ғылыми-зерттеу тобы түрлі ұйымдармен, қорлармен және ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық бойынша ұсынылған ынтымақтастық туралы меморандумдармен танысты.Бакалавриат пен магистратура білім алушыларына бітіру біліктілік жұмыстары мен диссертацияларын дайындау барысында кеңес беру мәселесі қаралды. Қараша айына арналған негізгі жұмыс бағыттары айқындалды.