2023 жылғы 26 сәуірде Ualikhanov University-де университет түлектері үшін жыл сайынғы бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі. Жәрмеңкені университеттің бірінші проректоры Байтук Ғалым Симбекұлы құттықтау сөзімен ашты. Сондай-ақ, Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Гамазов.В.Г, педагогикалық институт директорының орынбасары Хамитова.А.С, "№6 мектеп гимназиясының" КММ басшысы Жиенбаева.И.Ж, Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының басшысы Тәжмиева.А.А сөз сөйледі.
Іс-шараны ұйымдастырушы-мансап және жұмыспен қамту орталығы. Жәрмеңкенің басты мақсаттарының бірі-жұмыс берушілер мен университет түлектерінің кездесулерін ұйымдастыру және жұмысқа орналасуға көмек көрсету. Түлектер оқу орнының қабырғасынан шықпай-ақ, беделді компанияда жұмысқа шақыру алуға мүмкіндіктері бар. Түлектер жәрмеңкесіне қатысқан әрбір жұмыс беруші, жұмыс іздеушілердің түйіндемесімен сол жерде таныса алады. Жәрмеңкеге білім беру ұйымының 112 өкілі қатысты. Оның ішінде 15 аудан. Жалпы бітіру 1136 студентті құрайды, оның ішінде педагогикалық бағыт бойынша 665 студент.
26 сәуір педагогикалық бағыттағы түлектерге арналған жәрмеңке. Бос орындар жәрмеңкесінің жұмысына: Ақмола облысы бойынша білім басқармасы басшысының орынбасары В.Г. Гамазов; Ақмола облысы, Көкшетау қаласы аудандары мектептерінің директорлары және балабақша басшылары;
ЖРО өкілдері қатысты.Жұмыс берушілер мен студенттер бөлімдерге бөлінді. Түлектер жұмыс берушілерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауап ала алды. Барлық түлектердің өздерін көрсетуге мүмкіндігі болды.