26 сәуір Ualikhanov University-де «ШОҚАН ОҚҰЛАРЫ-28: Жаңа ғылыми парадигма: ынтымақтастық, цифрландыру және коммерцияландыру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл жыл сайынғы ғылыми шара жаратылыстану, ауыл шаруашылығы, медицина, сондай-ақ қоғамдық-гуманитарлық ғылым салаларындағы танымал отандық және шетелдік ғалымдардың басын қосты.
Бүгін конференцияның пленарлық отырысына Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті Д.Ж.Сарбасов, Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры А.М.Фазылжан, Pennsylvania State University профессоры және топырақты зерттеу кластерлік зертханасының директоры Екатерина Базилевская, Penn State Global серіктестік келісімдері жөніндегі директордың орынбасары Влад Лихолетов, Вашингтон университетінің PhD докторы Талант Мауканұлы, Назарбаев Университетіндегі жобалық кеңсенің аға менеджері А.М Балтабаева, филология ғылымдарының кандидаты А.Р Сулькарнаева, Назарбаев Университетіндегі өнеркәсіппен байланыс және коммерцияландыру кеңсесінің бас менеджері Д.М. Бердыханова қатысты.
Конференцияға қатысушылар ғалымдар арасындағы ынтымақтастыққа, цифрлық технологияларға және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру перспективаларына назар аудара отырып, соңғы ғылыми жетістіктердің маңызды мәселелерін талқылады.Пленарлық отырыс аясында Анар Фазылжанға «Құрметті профессор» атағы берілді.
Бұл марапат оның білім мен ғылымның дамуына қосқан зор үлесін көрсетеді.Конференция соңында әрбір қатысушы баяндамалары үшін сертификаттармен марапатталды.
Бұл маңызды пікірталастар мен білім алмасуға толы ғылыми іс-шараның тамаша қорытындысы болды.