2025 жылғы 26 желтоқсанда Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің қолдауымен «Инклюзивті білім беру және нейроалуандылық» ғылыми-зерттеу зертханасы 2025 жылғы 10 қазандағы №359 ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру аясында Х. Бижанов атындағы Медико-психологиялық орталықтағы әріптестерімізге семинар өткізу үшін өз алаңын ұсынды.
Семинар ата-аналарға (ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған), педагогтарға, студенттер мен оқытушыларға арналған және «Бос-терапия»тақырыбында өтті.Кездесу барысында ми жарты шарларының қызметіндегі ауытқуларды диагностикалау және ерекше қажеттіліктері бар балалардың дамуындағы оң өзгерістерге қол жеткізудегі терапевтік ойын әдістерінің тиімділігі туралы заманауи технологиялар мен аралық нәтижелер ұсынылды.
Көкшетау қаласы мен Ақмола облысындағы инклюзивті ортаны дамыту мен қолдау мәселелері бойынша жемісті пікір алмасу мен диалог өтті. Іс-шара 2026 жылғы ақпанда өтетін Халықаралық Педагогикалық форумның қарсаңында ұйымдастырылды.