26 мамыр күні Ualikhanov University-де «Халық заңгері» республикалық акциясы өткізілді!
Акцияның ұйымдастырушылары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Параграф» АЖ, zakon.kz желілік басылымы, мемлекеттік органдар, адвокаттар мен заң қызметкерлері.
Жобаның мақсаты - құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтарға, әсіресе халықтың осал топтарына: көп балалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, шағын және орта бизнес өкілдеріне, студенттерге және т. б. тегін заңгерлік көмек көрсету.
Акцияға үздік, жоғары кәсіби заңгерлер, оның ішінде тәжірибелі, беделді адвокаттар, нотариустар, прокурорлар және барлық құқық қорғау органдары, құқық кафедрасының оқытушылары мен студенттері белсенді қатысты.Осылайша, қала тұрғындары тергеушілерге, сот орындаушыларына, полиция қызметкерлеріне, кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу жөніндегі қызметкерлерге, әділет органдарына, көші-қон полициясына, банк омбудсменіне өз проблемалары туралы айтуға мүмкіндік алды.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі / Антикоррупционная служба РК
Багдат Рахметулина