2023 жылдың 26 қыркүйегінде Көкшетау қаласының көпсалалы облыстық ауруханасында Жоғары медицина мектебімен бірлесіп «Семіздікпен ауыратын науқастарды емдеудегі заманауи тәсілдер» атты конференция өтті.
Спикерлер құрамы : Жоғары медицина мектебінің директоры Муратбекова Светлана Кабденовна , медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты Көпсалалы Облыстық Ауруханасының директоры; Жаров Нурлан Каирович : « Бариатриялық және метаболикалық хирургия: тарихы және қазіргі жағдайы» айтты; Бет Леонберг , Профессор және директор , DHSc , RDN , CSP , FAND , LDN , Dietetics «Семіздікпен ауыратын науқастардағы емдік тамақтану» атты баяндама жасады; Мирандус Клиниканын эндокринолог-терапеві , сондай-ақ Жоғары медицина мектебінің клиникалық пәндер кафедрасының мұғалімі - Дюсенбина Жанбота Досантаевна бұл конференцияда «Семіздікті емдеудің эндокриндік аспектілері» баяндамасын қорғады.Іс-шараға Жоғары медицина мектебінің практик дәрігерлері, профессорлары, оқытушылары мен студенттері қатысты. Кездесуде Қазақстан Республикасындағы семіздік проблемасының маңыздылығы мен өзектілігі атап өтілді, артық салмақтан зардап шегетін адамдардың пайыздық көрсеткішінің артуы және бұл мәселені шешудің медициналық тәсілдері – тамақтануды түзетуден хирургиялық араласуға дейін талқыланды .