27 желтоқсан 2021 жылы Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінде дүниежүзілік студенттер күніне орай «Шоқан жұлдыздары» фестивалі өтті
27 желтоқсан 2021 жылы Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінде дүниежүзілік студенттер күніне орай «Шоқан жұлдыздары» фестивалі өтті.
Фестивалдің мақсаты – білім нәрімен сусындай жүре, қоғамдық-мәдени, спорттық іс-шараларға белсене қатысып, университетіміздің мәртебесін көтеріп жүрген студенттеріміздің еңбектерін бағалау, марапаттау.
Салтанатты рәсімде Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Байтук Ғалым Симбекұлы, интернационаландыру және инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректоры Сағындықова Жайлагүл Оралқызы; академиялық мәселелер жөніндегі проректор Мемешов Сансызбай Қойшыбайұлы құттықтау сөз сөйледі.
Рәсімде университеттің қоғамдық-мәдени, спорттық саладағы белсенді, халықаралық, республикалық сайыстарда жүлделі орын иеленген 15 студенті марапатталды.
Атап айтсақ, «психология» мамандығының 4 курс студенті Ирина Просандеева; «тарих-дінтану» мамандығының 4 курс студенті Балнұр Қарасай; «тау ісі» мамандығының 4 курс студенті Нұржан Смагулов; көпсалалы колледждің 4 курс студенті Меруерт Жеңісова; «дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4 курс студенті Александр Сахнов; «экология» мамандығының 4 курс студенті Тамила Жабасова; «биотехнология» мамандығының 4 курс студенті Нұрбек Жұмахмет; «география» мамандығының 4 курс студенті Николай Грозовский; «мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығының 4 курс студенті Аружан Мұғжан; «шет тілі: екі шетел тілі» мамандығының 4 курс студенті Екатерина Прибылых; «қазақ тілі және әдебиеті» мамандығының 4 курс студенті Аяулым Күлжанова арнайы марапатталды.
Сонымен қатар, «биотехнология» мамандығының 4 курс студенті Фариза Тілеуберген; көпсалалы колледждің 4 курс студенті Әсем Дүйсенбекова; «филология» мамандығының 4 курс студенті Ұлан Зейнелқабден; «заңтану» мамандығының 4 курс студенті Маржан Ирмашева; «есеп және аудит» мамандығының 4 курс студенті Танзила Евлоева; «экология» мамандығының 4 курс студенті Анель Дүсембаева; «экономика» мамандығының 4 курс студенті Әсет Қосжанов; жеңелдетілген оқудың «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті Арайгүл Шахтай; «заңтану» мамандығының 4 курс студенті Алтынбек Арапов үздіктер қатарынан табылды.
Сондай-ақ, «есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 4 курс студенті Ерден Тасжанов; «химия-биология» мамандығының 4 курс студенті Мадина Бекбулат; «заңтану» мамандығының 4 курс студенті Шыңғыс Балтабаев; «тау-кен ісі» мамандығының 4 курс студенті Кристина Сумина; «биология» мамандығының 4 курс студенті Оразкүл Елемес салтанатты түрде марапатталды.
Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.