27 сәуірде Ualikhanov University-де ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында, Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының кездесуі өтті. Қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу бойынша семинар өткізілді. Спикерлер ретінде Астана қаласының "Діндерді зерттеу орталығы" ЖШС теологы Марат Аманжолұлы Смағұлов және Астана қаласының сарапшы-психологы Лола Сергеевна Шакимова сөз сөйледі.