2023 жылдың 27 желтоқсанында Мәлік Ғабдуллин атындағы Қазақстан Республикасы ТЖМ Азаматтық қорғау академиясында 7М11201 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» магистратура білім беру бағдарламасын және осы білім беру бағдарламасын жетілдіру жоспарын талқылау бойынша дөңгелек үстел отырысы өткізілді.Талқылауға қатысты:
- Әлменбаев Мейіржан Маратұлы, М.Ғабдуллин атындағы ҚР ТЖМ АҚ академиясы бастығының орынбасары, к.т.н., азаматтық қорғау подполковнигі.
- Захаров Игорь Анатольевич, М.Ғабдуллин атындағы ҚР ТЖМ АҚ академиясының ғылыми-зерттеу орталығының бастығы, к.т.н., азаматтық қорғау подполковнигі.
- Ерубаев Жасұлан Жәнібекұлы, Ақмола облысы Көкшетау қ., «ӨС және АҚЖ» №10 ӨСБ бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майор.
- Нарбаев Қалижан Әнуарбекұлы, «Тау-кен ісі, құрылыс және Экология» кафедрасының профессор ассистенті, PhD докторы, «Адам қызметінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент), запастағы азаматтық қорғау полковнигі.
- Айтжанова Мадина Рустамовна, «Тау-кен ісі, құрылыс және Экология» кафедрасының лекторы, техника ғылымдар магистрі.
Талқылау нәтижелері бойынша жұмыс берушілер білім беру бағдарламасын жетілдіру және осы білім беру бағдарламасының студенттері үшін көптілді 3 пәнді енгізу бойынша ұсыныстар жасады.