2025 жылдың 27 ақпанында Ш. Уәлиханов атындағы университетте Ғылыми жұмыс және өңірмен өзара ынтымақтастық жөніндегі проректоры Жакупова Айгүл Досжанқызының жетекшілігімен технологияларды коммерцияландыру бойынша семинар өтті. Шақырылған спикерлер «ҚaзТКО» ЖШС бас директоры Құрманғазы Омаров пен «NC Consulting» ЖШС бас директоры Әсел Джунусова болды. Қатысушылар инвестиция тартуды, нарық перспективаларын бағалауды және инновацияларды сәтті ендіруді үйренді. Төрт жоба ұсынылды, оның ішінде «Балалар университеті», «Экосорт балы», биотыңайтқыштар және агробионикалық тыңайтқыштар.
Ал 2025 жылдың 28 ақпанында біздің қызметкерлер «Атамекен» Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасында жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктері туралы семинарға қатысты. Кәсіпкерлер өз жобаларын дамыту үшін 350 миллион теңгеге дейін гранттар, венчурлық инвестициялар және жеңілдікті несиелер ала алады.