2025 жылдың 27 ақпаны күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті жанында құрылған «8D020301 - Филология» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесте Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің докторанты Демесинова Ақерке Алтаевна «8D020301 – Филология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Қазақ әдебиетінде фэнтези жанрының қалыптасуы мен көркемдік даму бағыттары» атты докторлық диссертациясын сәтті қорғады.

Отандық ғылыми кеңесшілері:

  • Кажибаева Гульден Кенесовна – филология ғылымдарының кандидаты, қауым.профессор. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті Көкшетау қаласы, Қазақстан Республикасы.
  • Тлеубердина Гульден Токатовна – филология ғылымдарының кандидаты, қауым.профессор. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті Көкшетау қаласы, Қазақстан Республикасы

Шетелдік ғылыми кеңесшісі:

  • Аян Екрем – Мугла Сыткы Кочман университетінің профессоры, PhD доктор. Түркия Республикасы, Мугла қаласы.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшету университетінің ұжымы Ақерке Алтаевна Демесинованы және оның ғылыми кеңесшілерін жоғары жетістіктерімен құттықтайды! Алдағы уақытта шығармашылық табыс және ғылыми жетістіктер тілейміз!