2025 жылдың 27 наурызында «Думан» педагогикалық отряды қоғамдық бірлестігіне морфология, физиология және жалпы патология кафедрасының оқытушысы Азамат Жанботайұлы Қосмағанбетов мектеп гигиенасы бойынша дәріс оқыды. Бұл маңызды тақырып, өйткені мектептегі гигиена балалар мен мұғалімдердің денсаулығын сақтауда басты рөл атқарады. Бұл білім «Думан» ұстаздар ұжымына болашақ мамандығы бойынша ғана емес, күнделікті өмірде де көмегін тигізеді.