2023 жылғы 29 қыркүйекте Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің "Тарих, география және ӘГП" кафедрасы Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының жанындағы "Visit Aqmola" Туристік ақпараттық орталығы" КММ базасында мамандарды даярлауды жақсарту, оқу процесінің практикалық бағытын күшейту және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, сондай-ақ олардың нәтижелерін өндіріске және оқу-тәрбие процесіне енгізу мақсатында жоспарланған филиал ашты.
"Тарих, география және ӘГП" кафедрасының меңгерушісі Марат Зеннатович Утегенов филиал басшысы Мария Александровна Титовамен кездесу барысында ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қойды және "7М01501-География" ББ үшін оқу кабинеті ашып, дәрістер мен ғылыми -зерттеу жұмыстары ұйымдастыруға бағытталған бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітті.
Кафедра филиалының салтанатты ашылуына Ақмола облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасының орынбасары Андрей Иванович Подгурский, "Visit Aqmola" ТАО басшысы Данияр Еркинович Даиров, кафедра ПОҚ К. П. Канитаева, А. Б. Еламанова, Г. Р. Данкина, "7М01501-География" ББ магистранттары және "6В01502 География-Тарих " ББ студенттері қатысты.