2025 жылғы 3 қарашада Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы «Инклюзивті білім беру және нейроалуандылық» ғылыми-зерттеу зертханасының жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Лепешев Д.В. «Мен өзім жүремін» атты ерекше қажеттіліктері бар балалар мен аутизмі бар балаларды қолдауға арналған қоғамдық қордың жетекшісі Камелинова Г.Т.-ның шақыруымен «Күзгі бал» атты қайырымдылық іс-шараға қатысты.

Университет пен қоғамдық қор арасындағы достық – ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың ата-аналарын қолдаудағы сенімді тірек болып табылады. Қор педагогикалық мамандықтарда оқитын студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған тәжірибеден өтуіне әрдайым қолдау көрсетіп келеді.

Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әлеуметтік осал топтардың мәселелерін шешу жөніндегі уәкілі Кенжегула Сейтжанмен кездесу өтті.

Балалар үшін нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлаған бұл шара жоғары деңгейде өтті! Іс-шараға қолдау көрсеткен ата-аналарға, демеуші болған ата-аналарға және балаларын мерекеге алып келген ООП балаларының ата-аналарына шын жүректен алғысымызды білдіреміз!

Алдағы уақытта да осындай кездесулер жалғасын тауып, тек біздің қалада ғана емес, жалпы Ақмола облысында да инклюзивті ортаны дамытуға үлес қосады