4 сәуір күні, Ualikhanov University қабырғасында үлкен іс-шара өткізіді. Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің қазіргі заманғы зерттеулер институтының директоры, ғалым Мұхит-Ардагер Сыдықназаровпен кездесу өтті.
Кездесу барысында ғалым өзінің зерттеулері мен «Тарих ағымындағы Қазақстанның үздіксіз мемлекеттілігі. Қазақ мемлекеті XVI–XIX ғасырлардағы еуропалық және американдық карталарда. Атлас» атты кітабымен , көрмесін презентациялады . Барлық көне карталарды ғалым 20 ғылыми-техникалық параметр бойынша сипаттайды. Барлық карталарда ғалым М.Сыдықназаровтың мұқият және егжей-тегжейлі дескрипторлары болды. Брюссельде тұсауы кесілген кітаптың ең алғашқы оқырманы – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Ал енді, біздің университет карталар галереясы ашылған Қазақстандағы ең алғашқы университет болды. Іс-шарада сөз сойлеген Жабал Ерғалиев, Қабыкен Қонқаев, тарихшы Талапкер Уәлиев.Сөзінің соңында ғалым кітабын университетке тарту етті.
Іс-шара М.Сыдықназаровтың "Құрметті профессор" атағымен марапатталуымен аяқталды.