2025 жылғы 4 наурызда Көкшетау қаласының Техникалық лицейінде "Серпілік" жобалық кеңсесі мен "Педагогикалық инноватика" зертханасы жетекшілік ететін "Техникалық сынып" жобасына қатысушылардың кезекті жоспарлы кездесуі өтті. Ш. Уәлиханов атындағы КУ атынан аталған жобаның ғылыми кеңесшілері: Қазьяхметова Дана Тұрсынбайқызы (химия және биотехнология кафедрасы) және Сабитова Диана Сайранқызы (педагогика және психология кафедрасы) қатысты.
Кездесу барысында жоба командаларының қатысушылары өз жұмыстарын ұсынды, ал университет оқытушылары жобаларды ғылыми негіздеу бойынша құнды ұсыныстар бере отырып, сараптамалық қолдау көрсетті.Ең жас баяндамашы 2-сынып оқушысы, робототехник Асаупов Ержан болды.
Сонымен қатар, оқушылар педагогтармен бірлесіп химия, IT және математика саласындағы жобаларды таныстырды.
Қатысушылар ғылыми зерттеулер мен жобалық жұмыстарға шынайы қызығушылық танытты, бұл барлық қатысушылар үшін шабыт көзі болды. Техникалық лицейді, Ualikhanov University және "Болашақ Сарайын" біріктірген бұл жоба оқушылардың ғылым мен технологияның басым бағыттарына тұрақты қызығушылығын қалыптастыру үшін қуатты серпін болады деп үміттенеміз