5 сәуірде ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі, қоғамдық денсаулық сақтау докторы Қуаныш Ерғалиев Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетіне ресми сапармен келді. Сапар аясында Қ.Ерғалиев жоғары медицина мектебінің студенттеріне "Жасөспірімдер арасында тағамдық қоспаларды қолдануға қарсы күрес бойынша жергілікті саяси бастамаларға арналған сабақтар" тақырыбында дәріс өткізді.Дәріс барысында жергілікті деңгейде жастардың қоспаларға қолжетімділігін шектеу жөніндегі саяси бастамаларға мүдделі тараптарды тарту үшін проблемалар мен мүмкіндіктерді анықтау, тағамдық қоспаларға кең және оңай қолжетімділік, жастардың денсаулыққа қауіп-қатер туралы жеткіліксіз хабардар болуы мәселелері қозғалды. Студенттер тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, сұрақтарына жауап алды.