5 сәуірде Ualikhanov University стратегиялық әріптестікті дамыту мақсатында ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев, WOOSONG Корея университетінің вице-президенті және негізін қалаушысы Yoo Taek Lee және қазақстандық "ЦАО" директоры Kim Jin Eon келді. Қонақтарды университет ректоры М.К. Сырлыбаев және проректорлар А.Д. Жақыпова, Ж.О.Сағындықова, Н.А.Медетов қарсы алды.
Іс-шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Е.М.Рамазанов, "Global Сапа" білім беру орталығының директоры Т. С. Шингужинова, "Чинсон" корей мәдени орталығының жетекшісі Ольга Лян, университеттің бизнес-серіктестері, институттар/жоғары мектеп директорлары, кафедра меңгерушілері мен студенттер қатысты.
Құрметті қонақтарға Солтүстік Қазақстанның өңірлік жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретінде Ualikhanov University-дің негізгі жетістіктері ұсынылды. Yoo Taek lee өз кезегінде "Nano-PAMS" цифрлық білім беру платформасын таныстырды, студенттер қауымдастығымен және университеттің бизнес-серіктестерімен кездесулер өткізді.
Бүгінгі іс-шараның мақсаты - Қазақстан-Корея аймақтық инновациялық орталығын құру. Кедесу соңында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды, оның негізгі мақсаты – біздің университет "Nano-pams" платформасының бір бөлігіне айналады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ualikhanov University делегациясы Woosong университетіне барған болатын.