5 қазанда Мичиган мемлекеттік университетінің (Michigan State University) шақырылған профессоры Дуглас Хартман "Қазақстандық білім берудегі сыни ойлау мен мәдениетті дамыту"тақырыбында сөз сөйледі. Профессор Жоғары білім беру саласындағы студенттер мен оқытушылар үшін сыни ойлаудың маңыздылығы туралы айтып өтті. Профессор сыни тұрғыдан ойлаудың әртүрлі стратегияларын қолдану тәжірибесімен бөлісті: алгоритмдердің қалай жұмыс істейтінін түсіну және цифрлық әлемде жауапкершілікті сезіну, сараптамалық бағалау туралы хабардар болу, талдау қабілетінің маңыздылығы.
Екінші жыл Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ғалымдардыН Мичиган мемлекеттік университетіне ғылыми тағылымдамаға жібереді.
Профессор Дуглас Хартманнмен инновациялар мен су сапасы бойынша бірлескен бағдарламалар саласындағы одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.