5 қазанда бүкіл ел барлық мұғалімдердің, оқытушылар мен білім беру қызметкерлерінің кәсіби мерекесі Ұстаздар күнін атап өтеді.

Ualikhanov University дәстүр бойынша осы тамаша мерекені атап өтті.

Іс-шараның басында университет ректоры Марат Қадірұлы университет оқытушылары мен қызметкерлерін құттықтап, университет пен жалпы білім беруді дамытуға көпжылдық үлес қосқан ұстаздарға сертификаттар мен медальдарды табыс етті.

Ұстаз күні - барлық ұрпақ үшін ортақ мереке, ол мұғалімдер мен тәлімгерлерге алған білімдері мен дағдылары, тәрбиесі мен өмірлік даналығы үшін алғыс білдіретін күн. Құрметті мұғалімнің бейнесі туралы естеліктер, оның сөздері өмір бойы әрқайсымызбен бірге жүреді, дұрыс нәрсені жасауға шақырады және қиын кезеңдерде тірек болады.