2025 жылғы 5 қыркүйекте «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ-да «Ақмола облысы нарығының қажеттіліктері және ғылыми әзірлемелерді енгізу мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты университеттің жергілікті атқарушы мемлекеттік органдармен ынтымақтастығын нығайту және ғылыми әзірлемелерді енгізудің басым бағыттарын айқындау болды.

Ғылыми жұмыс және өңірмен өзара әрекеттесу жөніндегі проректор, ф.ғ.д., профессор Жақыпова А.Д. ғалымдардың ғылыми жетістіктері туралы кіріспе сөз сөйледі. Семинарға Нургазиев Р.Е. - Технологияларды коммерцияландыру офисінің жетекшісі; «Көкше-Тұз» ЖШС директоры Омаров А.О., Ахметова И.М. – «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ Өнеркәсіп бөлімі басшысының м.а.; Титова М.А. – «Туризм басқармасы» ММ Туризмді дамыту талдау және мониторинг бөлімінің басшысы; Қоспанов Н.М. – «Ақмола облысы бойынша экология департаменті» РММ Зертханалық - талдамалық бақылау бөлімінің басшысы, сондай-ақ университеттің беделді ғалымдары қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысының барысында өңірлік нарықтың қажеттіліктеріне, өнеркәсіптік, туристік және экологиялық секторларды дамытуға, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жолдарын айқындауға байланысты негізгі мәселелер талқыланды.

Жиылыс қорытындысы бойынша ғалымдар «Көкше-Тұз» ЖШС-мен ауыл шаруашылығы жануарларына арналған тұз өндіру бойынша бірлескен өзара тиімді жұмысқа қызығушылығын білдірді. Бұл жұмыс мал өнімділігін арттыруға, өнім сапасын жақсартуға және ауыл шаруашылығы жануарларының денсаулығын нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.