6 желтоқсанда Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде Бизнес және құқық жоғары мектебінде кофехана ашылды!
"Сергек күн" кофеханасы университеттің стартапы болып табылады, бұл бастаманы университет қолдап, оны іске асыруға 3,8 млн.теңге көлемінде грант берілді. Гранттық қаражатқа арнайы жабдық сатып алынды. Жобаға бизнес және қызметтер кафедрасының студенттері мен оқытушылары бірікті. Жоба жетекшісі Жапарова Дина Қабдығалымқызы.