2023 жылғы 8 желтоқсанда «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ педагогика және психология кафедрасы педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚПҒА академигі Н.М. Стукаленконың 60 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастырып, өткізді. Құттықтау сөзді Ш.Уәлиханов атындағы КУ ғылыми жұмыс және өңірмен өзара әрекеттесу жөніндегі проректор ф.ғ.д., профессор А.Д.Жақыпова, Ш.Уәлиханов атындағы КУ педагогикалық институтының директоры т.ғ.к., профессор А.Т.Бексейітова және ректордың кеңесшісі А.А.Сейітқасымов сөйледі. Баяндамаларға шақырылған колледждердің педагог-зерттеушілері, мектептер мен қосымша білім беру мекемелері, докторанттар, магистранттар, ZOOM платформасы арқылы 50 адамнан тұратын онлайн нысандағы Қазақстан Республикасының студенттері сонымен қатар Көкшетау қаласының (Қазақстан), Қарағанды қ., (Қазақстан), Петропавл қ., (Қазақстан), Астана қ., (Қазақстан), Атырау қ., (Қазақстан), Омбы қ., (Ресей), Москва қ., (Ресей), Қазань қ., (Ресей), New York (АҚШ), Ұланбатыр (Моңғолия) қалаларының жоғары оқу орындарының оқытушылары белсенді қатысты.

Н.М. Стукаленкоға алдағы уақытта шығармашылық табыстар, ғылыми жаңалықтар мен жетістіктер тілейміз.

ЖОО басшылығына және іс-шараны ұйымдастырушыларға зор алғысымызды білдіреміз.