8 желтоқсанда Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде Муратбекова Светлана Кабденовнаның 70 жылдық мерейтойының құрметіне «Путь учителя в белом халате» атты дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараға университет ректоры М.К.Сырлыбаев, проректорлар, ОПҚ, студенттер және қонақтар қатысты.

Университет ректоры М.К.Сырлыбаев Светлана Кабденовнаны мерейтойымен құттықтады және оның жетістіктері туралы айтып,

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинаят атынан «Еңбек ардагері» медалін табыстады.

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Көкшетау жоғары медициналық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директорының м.а. Сергалиева Назгүл Серікқызы да Светлана Қабденқызын мерейтойымен құттықтады.

"Астана қ. және Ақмола облысы Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағы" ҚБ филиалы "Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің" кәсіподақ басшысы Асаров Мұрат Музарапұлы меретой иесін құттықтады.

-

Медицина ғылымдарының докторы, профессор Светлана Кабденовна Муратбекова Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің және жоғары медициналық колледжінің дамуы мен өркендеуіне зор үлес қосты. Ол өз ісінің шебері, білікті маман, жетістікке жеткен шәкірттері бүгінде ел игілігі үшін жұмыс істейді.

Светлана Кабденовна - өзінің тапқырлығын, мейірімділігі мен ізденімпаз ақыл-ойын басқаларды ойлауға, армандауға, үйренуге, тырысуға, әрекет етуге ынталандырудың сирек қабілетін дамыту үшін қолдана алатын ерекше адам. "Білім - бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді", - деп жазған Ахмет Байтұрсынұлы.

Университет ұжымы Светлана Қабденқызын мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық, отбасылық амандық, бақыт пен барлық жағынан үйлесімділік тілейді!