2022 жылдың 9 желтоқсанында «Мектепке дейінгі білім беру үшін кадрларды даярлаудың заманауи үдерістері» атты Ақмола облысының мектепке дейінгі ұйымдары басшыларының облыстық форумы Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінде өтті.

Форумның пленарлық отырысын бастау үшін Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті академиялық сұрақтар бойынша проректор Н.А. Медетов құттықтау сөз сөйлеп, қазіргі білім беру жүйесіндегі қордаланған мәселелерге және мектепке дейінгі білім беру мамандарын даярлаудағы аса өзекті мәселелерге назар аударды.

Сондай-ақ, педагогикалық институт директоры А.Т. Бексеитова өз баяндамасында, мектепке дейінгі білім беру жүйесінің оңтайлы мәселелеріне тоқталып, құндылыққа бағытталған білім беру жүйесінің өзекті мәселесіне тоқталып, құттықтау сөз сөйледі.

ҚР-ның Оқу-ағарту Министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ директоры Адамова Манара Елекеновна мен п.ғ.к. «INTELLEGTUAL» даму академиясының директоры Игенбаева Бижан Құрманғалиқызы «Мектепке дейінгі тәрбие-білім беру үдерісін ұйымдастыру» жөнінде биылғы оқу жылынан бастап, мектепке дейінгі білім беру жүйесінің үлгілік бағдарламасының жаңа талаптарына, толық күн режиміндегі үздіксіз білім беру үдерісіне тоқталды.

Форумды ұйымдастырушы, ф.ғ.к. қауымдастырылған профессор Шаяхметова Айсұлу Алкешовна «ЖОО мен мектепке дейінгі ұйымдардың әлеуметтік серіктестігі» мамандарды даярлаудағы мәселелердің заманауи тәсілдерін атап өтті.

Түстен кейінгі» секциялық отырыста «Педагогикалық идеялар калейдоскопы», «Шаңырақ» дидактикалық даму ортасын әзірлеу (коврограф практикумы), «Мектепке дейінгі ұйымдарының болашақ педагогтарын даярлаудағы өндірістік практиканың рөлі» дөңгелек үстелі, «Инклюзивті балабақша: тәжірибе және перспективалар» дөңгелек үстелі, Мектепке дейінгі білім беру үшін цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу жөніндегі воркшоп, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогикасы: құзыреттілікке негізделген тәсіл» білім беру бағдарламасын әзірлеу жөніндегі семинар өтті.

Әр аудан көлемінен келген тірбиешілер ризашылықтарын білдіріп, әліде білім беру жүйесіндегі кемшіліктерді болдырмау үшін, осындай форумдарыдң аясын кеңейту жөнінде ұсыныстарын білдірді.

https://www.facebook.com/profile.php?id=100051177337649...