9 ақпан күні "Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КЕАҚ конференц-залында диалог алаңы форматында жұмыс берушілердің, бизнес және қызметтер кафедрасының өкілдері мен студенттердің қатысуымен Мансап күні өтті.
Кездесуді ұйымдастырушы - Мансап және жұмыспен қамту орталығы. Модератор - бөлім басшысы Айжан Аликуловна Тәжмиева.
Іс-шараға қызмет көрсету саласының өкілдері: "Көкшетау" қонақ үйі, "Алдар Көсе" кафесі, "Green WhichHotesl" МК қызметкерлері және "ВТБ банк" АҚ, "Bereke bank" банкі, "Еуразиялық банк" АҚ Көкшетау қаласындағы №17 филиалының, "First Bank Jusan" АҚ, "HOME CREDIT BANK" АҚ, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Көкшетаудағы филиалдарының өкілдері, туристік қызметтер өкілдері - "Драйв Тревел" туристік агенттігі, "Visit AQMOLA" туристік ақпараттық орталығы" КММ, сондай-ақ 6В11102 "Туризм", "Мейрамхана ісі", 6В04106 "Банк ісі және қаржылық менеджмент", 6В04105 "Бухгалтерлік есеп және экономикалық талдау", 6В04103 "Салалардағы менеджмент" 6В04104 "Экономист-талдаушы" білім беру бағдарламаларының студенттері шақырылды.
Мансап күні - бұл түлектерді жұмысқа орналастыруға, сондай-ақ жұмыс беруші серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған іс-шара.
Осы іс-шарада ЖОО студенттері мен түлектерінің жұмыс берушілермен байланыс орнатуға, ұйым өкілдеріне сұрақтар қоюға, бос орындар, тағылымдама бағдарламалары, практикадан өту туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар