2025 жылғы 9 қазан күні Жоғары медицина мектебінің шетелдік студенттері үшін крикет ойыны ұйымдастырылды. Түрлі курстардан студенттер қатысты. Іс-шара шетелдік студенттердің бейімделуіне қолдау көрсетуге, командалық рухты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және мәдениеттер аралық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталды.