«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының білім беру бағдарламаларының 2022 жылғы, жыл сайынғы рейтингінің нәтижелері жарияланды.
2022 жылғы «Атамекен» ҰКП рейтингі білім беру бағдарламаларының тиімділігін және олардың жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкестігін анықтауға бағытталған критерийлер бойынша өткізілді: бағдарламалардың өзектілігін бағалау, жұмысқа орналастырылған түлектердің пайызы, мансаптық перспективалар, білім алушылардың жетістіктері, академиялық ұтқырлық, профессор-оқытушылар құрамының тәжірибесі, оқу нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған пәндердің өзектілігі, ЖОО-ның материалдық-техникалық базаға инвестициялары. білім алушыларды даярлау.
Барлығы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті бакалавриатының 35 білім беру бағдарламасы қатысты.
Топ-3-те 6 білім беру бағдарламасы иеленді:
- 6В01701 Шет тілі: екі шетел тілі (ағылшын, неміс/қытай) – 1-ші орын;
- 6В08102 Топырақтану және агрохимия – 1-ші орын;
- 6В01301 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі – 2-ші орын;
- 6В08103 Агрономия – 2-ші орын;
- 6В01703 Шет тілі: екі шетел тілі (неміс, ағылшын) – 3-ші орын;
- 6В08201 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы – 3-ші орын.
Рейтингте 4 орын алған білім беру бағдарламалары:
6В01707 Қазақ тілі және әдебиеті, 6В01513 Информатика және робототехника, 6В02302 – Аударма ісі.
6В01601 Тарих және Дінтану Білім беру бағдарламасы 5-ші орынды иеленді.
Топ-10 құрамына 21 білім беру бағдарламасы кірді.Syrlybayev Marat @galymbaituk @medetovnurlan @aygul_zhakupova2807