Ualikhanov University-дің Кәсіпкерлік және Мансап орталығы «ANCOR» компаниясымен бірлесіп «Жұмысты тиімді іздеу жолдары» тақырыбында мастер-класс ұйымдастырды.
Болашақ түлектер өз мүмкіндіктерін бағалау, тиімді жұмыс іздеу, жұмыс берушілермен қарым-қатынас орнату және мансап жолын қадам-қадаммен жоспарлау дағдыларын игерді. Спикер жас мамандарға мансаптарын бастау жолындағы негізгі тұстарын айтып өтті:
Қатысушылар икемді дағдыларды дамыту, еңбек нарығында сенімділікпен өзін көрсету, тиімді коммуникация жасау және сұхбаттардан табысты өту жолдарын үйренді. Кәсіби жетістік тек білім мен мотивацияға ғана емес, сонымен бірге жас маманның даму стратегиясын дұрыс құра білуіне де байланысты.