Ualikhanov University делегациясы 7 және 14 маусым аралығында АҚШ-тың Пенсильвания штатының университетіне (Penn State University - /PSU/) жұмыс сапарымен барды. Сапардың мақсаты-білім беру, ауыл шаруашылығы, тау-кен ісі, минералдық ресурстар, климаттың өзгеруі және тұрақты даму бағыттары бойынша жетекші шетелдік ЖОО-мен стратегиялық әріптестікті орнату.

PSU QS және THE Impact Ranking әлемдік рейтингтері бойынша топ 100 жоғары оқу орындарының қатарына кіреді және АҚШ елінің жетекші зерттеу жоғары оқу орындарының бірі болып табылады.

Сапар бағдарламасы қарқынды болды. Атап айтсақ, PSU басшысы - провост Джастин Шворцпен, ғылым жөніндегі вице-президенті -Phil Savage, жаһандық даму жөніндегі вице-президенті Roger Brindley, департаменттер мен зертханалардың басшыларымен кездесулер өтті.

Сүт кластері бойынша ғылыми-зерттеу зертханасының жетекшісі, ғылым докторы Фредерик Харте, топырақты зерттеу ғылыми-зерттеу зертханасының жетекшісі Ekaterina Bazilevskaya, су және климат зертханасының жетекшілері Andrew Warner және Robert Nickolasтармен кездесуге аса көңіл бөлінді.

Департаменттердің барлық басшылары оқу ғимараттары, зертханалар бойынша Ualikhanov University делегациясы үшін экскурсиялар өткізді және қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан зерттеулердің тұсаукесерін өткізіп, болашақ жоспарларымен бөлісті.

Кездесулердің нәтижелері бойынша ынтымақтастық басымдықтары анықталды. PSU және Ualikhanov University өзара бірлескен ынтымақтастыққа жол ашылды. Ұзақ мерзімді, әрі екі тарапқа да маңызды өзара іс-қимыл туралы келісімге қол жеткізілді.