Алғыс айту күні - Қазақстанның барлық тұрғындары бір-біріне құрмет көрсетіп, достық, мейірімділік пен келісім үшін алғыс білдіретін күн.
1995 жылдың 1 наурызында елімізде тұратын барлық этностардың ынтымағы, бірлігі мен достығының символына айналған институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.
Алғыс айту күніне орай біздің университетте де түрлі іс-шаралар өткізілуде. Бүгін Жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен «Тарихтан тағлым – өткенге тағзым» атты дөңгелек үстел өтті. Кездесу барысында тарих ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан тарихы және Рухани жаңғыру» кафедрасының доценті А.А.Сейткасымов, «Заңтану» кафедрасының дәріскері Б.А.Нукиев қатысушыларға мерекенің пайда болу тарихын, мазмұны мен маңызын ашып айтты. Студенттер ұйып тыңдап, қызықтырған сұрақтарына толық жауап алды.