ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ
Наурызнама онкүндігі аясында Қайырымдылық күні атап өтілуде. Бұл күн – мейірімділік пен жанашырлықты насихаттап, мұқтаж жандарға көмек көрсетудің маңызын еске салатын ерекше күн.
Қайырымдылық – халқымыздың ежелден келе жатқан асыл құндылықтарының бірі. Осындай игі бастамалар қоғамда өзара қолдау мен бірлікті нығайта түседі.
Баршаңызды ізгілік жасап, жақсылыққа ұмтылуға шақырамыз!