2025 жылғы 20 тамызда Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Технологияларды коммерциялау офисінің жетекшісі Р.Е.Нұрғазиевпен Зеренді ауданы «Жайсан» шаруа қожалығының базасында «Мал азығы өндірісі сұрақтары бойынша егістік күні» семинары өткізілді. Семинарда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2024-2026 жылдардағы «Жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалану және өнімділік әлеуетін арттырудың тиімді технологияларын әзірлеу» мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасы аясындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелері қарастырылды. Семинар жұмысына А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ғалымдары, агроқұрылым өкілдері қатысты.
Тәжірибе алқаптарында бір түрдегі дақылдарды, қарапайым және жартылай күрделі шөп қоспаларын дайындау үшін біржылдық және көпжылдық шөптерді таңдау бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіледі, олар - қарапайым шөп қоспасы: жоңышқа + эспарцет + еркекшөп; жартылай күрделі шөптер қоспасы: еркекшөп + көкшіл бидайық + қылтықсыз арпабас + жоңышқа, елекшөпті қияқ, сібір бидайығы.
Сонымен қатар, көпжылдық шөп қоспаларын (жайылымдыққа пайдалану үшін) таңдау, қоршалған жайылымдарға шетелдік шөп қоспаларын таңдау, минералдық қоректік фон бойынша олардың түрлері бойынша бейімділігі, өнімділігі, сапалық көрсеткіштері бойынша анықтау зерттеледі, олар: сібір бидайығы + жоңышқа, елекшөпті қияқ + жоңышқа, жайылымға арналған шетелдік шөп қоспасы: Спорт Люкс Юг және Пастбище Оптима Юг.