ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Ualikhanov University мансап және жұмысқа орналастыру орталығының қолдауымен Бизнес және құқық жоғары мектебінің студенттері үшін "Ашық есік күнін" ұйымдастырды.Кездесудің мақсаты - Департаменттің қызметімен таныстыру. Кездесуге Агенттік департаменті басшысының орынбасары А.А.Мурсалов, бәсекелестікті дамыту бөлімінің басшысы А.Д. Жанбатырова, тергеу бөлімінің басшысы М. Б. Қыздарбеков қатысты. Олар бәсекелестікті қорғау саласындағы мемлекеттік саясат туралы; бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзу түрлері туралы; монополияға қарсы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру және оны бұзғаны үшін жауапкершілік туралы айтты.Кездесу соңында ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша қадамдар жоспарланды:
- студенттерге өндірістік практикадан өту және кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігі қарастырылды;
- қызығушылық тудыратын тақырыптар бойынша студенттерге арналған қонақ дәрістер;
- дипломдық жұмыстарды орындау кезінде консультациялық көмек беру;
- Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша консультациялық көмек.