«Педагогикалық инноватика» зертханасы үшін ғылым айы «Педагогикалық инноватика» зертханасының зерттеулері «университеттік ғылым – мектептерге» атты ұранмен 2024 жылдың 4 сәуірінде өткен білім берудің өзекті мәселелерін талқылау бойынша пікірталас алаңынан басталды. Іс-шараға Көкшетау қаласы мен Ақмола облысы мектептері директорларының орынбасарлары, ағылшын тілі бойынша әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері, мұғалімдер мен сынып жетекшілері қатысты. Зертхана жетекшісі Ракишева Г. М. гранттық қаржыландыру жобаларының және бастамашыл тақырыптардың жетекшілерімен бірлесіп пікірталас алаңына қатысушылармен зерттеу нәтижелерімен бөлісті. ҒЖБМ ГҚ «Қалалық және ауылдық мектептерде ағылшын тілін оқыту сапасы арасындағы алшақтықты қысқарту бойынша Қазақстан жоғары оқу орындарының ғылыми - білім беру консорциумын құру» жобасының жетекшісі Исмагулова А. Е. ауылдық және қалалық мектептерде ағылшын тілін оқыту сапасы арасындағы алшақтықты қысқарту жолымен орта мектепте қолайлы білім беру ортасын құруға бағытталған зерттеудің аралық нәтижелерімен таныстырды; ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған STEAM технологиясы, оқу курстары әзірленді. Жоба командасына Қазақстанның 5 жоғары оқу орны кірді, зерттеу 4 облыста жүргізіледі. ҒЖБМ ГҚ «Балалар, жасөспірімдер және жастар ортасында ғылымды заманауи технологиялық құралдарымен танымал етудің ғылыми-әдіснамалық тәсілдері» жобасының жетекшісі Сабитова Д. С. коммуникациялардың тиімді арналарын ескере отырып, нақты мақсатты аудиторияға бағдарланған медиа-контенттердің әзірленген пакеттері түріндегі, Қазақстанның 5 өңірінде жүргізілген әлеуметтанулық эксперимент негізінде әзірленген мазмұнды ұсыну форматтары сияқты аралық нәтижелермен бөлісті. ҒЖБМ ГҚ «Қазақстандық оқушылардың психологиялық денсаулығын нығайту желілік әлеуметтену процесінде кибербуллинг тәуекелдерін төмендету факторы ретінде» атты жобаның жетекшісі Ракишева Г.М. келесі оқу жылынан бастап Ақмола облысының мектептерінде таратылатын нәтижелерді таныстырды: сынып жетекшілері мен мектеп психологтары үшін «Желілік әлеуметтену негіздері» ЖАОК; «Қалай киберсталкердің құрбаны болмау» атты оқушыларға арналған видеокурс; психодиагностикалық жұмысқа арналған «Виртуалды психологиялық зертхана» платформасы.
Зертхана мүшелері К.О. Оразбаеваның «Жаһандану жағдайында мектеп оқушыларының бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру», Д. В. Лепешевтың «Жоғары сынып оқушыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасы мен мәдениетінің психологиялық-педагогикалық факторлары», М. Б. Жантемированың «Ерте бейіндеу - Көкшетау қаласы техникалық лицейдің білім алушыларының өзін-өзі кәсіби тұрғыдан анықтау шарты ретінде» атты бастамашыл тақырыптары талқыланды.
Бұдан әрі кездесуге қатысушылармен форсайт-сессия өткізілді, оның нәтижелері мектептегі білім беру мәселелері мен дамуы бойынша зерттеулердің өзекті трендтерін айқындау үшін негіз болады.