"Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КЕАҚ-ңда Erasmus+ бағдарламасы бойынша ақпараттық кездесу өтті.Қазақстандағы ERASMUS + Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Лаура Палуанова қаланың жоғары оқу орындарының өкілдерімен Еуропалық Одақтың жобаларына қатысу талаптары мен перспективаларын талқылады.
Кездесуге университет ректоры М.К. Сырлыбаев, проректор Ж.О.Сағындықова, ректордың халықаралық жобалар жөніндегі кеңесшісі А.А.Какабаев, сондай-ақ басқа институттар мен академиялардың өкілдері қатысты.
Сессияда Erasmus+ қатысуға қойылатын талаптар, жаңартылған ережелер және ЕО жобаларына қатысу перспективалары туралы айтылды. Жоба үйлестірушісі А. Исмагулова Jean Monnet EDUIVE таныстырды, ал А.А.Шаяхметова KUTEL жобасын іске асыру тәжірибесімен бөлісті.
Көкшетау университеті Erasmus+ - ке 2015 жылдан бастап қатысып, жобалар саны бойынша көшбасшылар қатарында.