Жыл сайын, 15 қарашада Қазақстан Республикасында ұлттық валюта-теңге күні атап өтіледі.Ұлттық валюта-теңге күнін мерекелеу аясында салтанатты іс-шаралар, конференциялар, кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізу бизнес және құқық Жоғары мектебінің дәстүріне айналды.Биылғы жылы ЖБМ мерейтойлық іс-шарасы отандық және шетелдік ғалымдардың, сондай-ақ Ақмола облысының қаржы және банк ұйымдарының басшыларының қатысуымен Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Жоғары мектепте профессорлар мен ғылым докторларын, доценттер мен ғылым кандидаттарын қамтитын жоғары білікті ғылыми-педагогикалық ұжым құрылды. Бакалаврлар мен магистранттарды даярлауды 48 штаттық оқытушы жүргізеді. Оның ішінде 3 ғылым докторы, 12 ғылым кандидаты, 2PhD-доктор, 30 магистр.