Бүгін Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде жобалық қызметтегі сарапшы және Көкшетау қаласының жаңа бастаған кәсіпкерлер тәлімгері Райса Ескендировамен кездесу өтті.

Интернационалдандыру және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректоры Жайлагүл Сағындықовамен сұхбатында Райса өзінің жеке тәжірибесімен бөлісті, кәсіпкерлік саласындағы сын-қатерлер мен мүмкіндіктер туралы айтып, өз ісін дамытқысы келетіндерге құнды кеңестер берді.

Райса Ескендироваға шабыттандыратын әңгімесі мен құнды кеңестері үшін алғыс білдіреміз!