3-4 маусымда Ualikhanov University-де "SHOQAN CUP II" дәстүрлі республикалық пікірсайыс турнирі өтеді.

Бұл орыс лигасының пікірсайыс әуесқойлары үшін айтулы оқиға, өйткені Қазақстан Республикасының әр бұрышынан мықты спикерлер жарысады!

Ашылу салтанатында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректорының кеңесшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Сейтқасымов Аманбай Асылбайұлы құттықтау сөз сөйледі.

Турнирге "Ахмет Ұрпақтары" "ЧелГу" (Қостанай қ.), "Парасат", "Номад", "Аманат" (Астана қ.), "Правда", "Молот" (Көкшетау қ.) дебат клубтары және Алматы қ. спикерлері қатысады.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!