2025 жылғы 24 желтоқсанда Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде ағылшын тілі және оқыту әдістемесі кафедрасы мен жалпы тіл білімі және әдебиет кафедрасының оқытушылары арасында Erasmus+ KA1 (Халықаралық кредиттік ұтқырлық) бағдарламасы аясында Таллинн университетінде (Таллин қ., Эстония) тағылымдамадан өтуге арналған конкурс өткізілді. Конкурс қорытындысы бойынша ағылшын тілі және оқыту әдістемесі кафедрасының ассистент профессоры Михайлова Татьяна Владимировна тағылымдамаға жолдама алды. Халықаралық тағылымдама 2026 жылғы қараша айында өткізіледі.