Клиникалық пәндер кафедрасы 2025 жылғы 15 Қаңтарда 6B10101 "Жалпы медицина" мамандығы бойынша интернатураның және 7R01101 кардиология (ересектер, балалар) резидентурасының білім беру бағдарламаларын талқылау бойынша жұмыс берушілермен дөңгелек үстел өткізді. Кездесуде көпсалалы облыстық аурухана, қалалық аурухана, "Viamedis" ЖШС өкілдері болды. Дөңгелек үстелді өткізу барысында стейкхолдерлер көрсетілген білім беру қызметтері сапасының тұтынушылардың талаптары мен күтулеріне толық сәйкестігін қамтамасыз ету қажеттігі туралы атап өтті, "Жалпы дәрігерлік практика" бағыты бойынша интернатура ББ және 7R01101 кардиология (ересектер, балалар) резидентурасының ББ 2025 жылға қабылдауға ұсыныстар мен ескертулерсіз қарады және бекітті.