Қазақстан-АҚШ университеттер консорциумы мушесі ретінде бүгін біз Steppe Global Education негізін қалаушы және Халықаралық білім институтының директоры Джоэл Эриксонмен осы жылдың бірінші Global Hour іс-шарасын өткіздік. Университет қызметкерлері әріптестеріміз қатысатын әртүрлі халықаралық жобалар, соның ішінде Erasmus бастамалары, Күміс университеті, Балалар университеті, Британдық Кеңестің қолдауымен жасалып жатқан InterLinks, Chevron қаржыландыратын STEAM және STEM жобалары, шетелдік ғалымдарды тарту жобасы және Language Intensive Center, АҚШ-Қазақстан университеттері серіктестік бағдарламасының жобасы туралы бөлісті. Іс-шараның нәтижесінде қызметкерлеріміздің халықаралық ынтымақтастық жобалары туралы хабардарлығы артты.