Университет бірнеше білім беру бағдарламаларын ұсынады: қазақ тілі, ағылшын тілі, психология, әлеуметтік желілердегі маркетинг, фитнес, өнер, тігін ісі.

Сабақтың басталуы: 2024 жылдың қыркүйегі

Сағат саны: 72

Сабақ кестесі: аптасына 1 рет 2 академиялық сағаттан

Оқыту университет үй-жайларында жүргізіледі.

Орындар саны шектеулі!

Жоба туралы қысқаша мәлімет. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті 2021 жылы Қазақстанның алғашқы жоғары оқу орындарының бірі болып, "Әлеуметтік бейімделу және интеграция" бағыты бойынша аға буын азаматтарын қолдаудың мемлекеттік саясатын іске асыруға қосылды.

Жоба "күміс университеті" деп аталды.

Жобаны іске асыру жылдарында қосымша білім беру бағдарламаларында 300-ден астам адам оқудан өтті. Білім беру бағдарламаларының тізбесі жыл сайын қоғамның технологиялық және әлеуметтік дамуын ескере отырып, өзгерістерге ұшырайды және әрдайым білім алушылардың нақты қажеттіліктеріне бағдарланады.

Оқытушылар құрамы жоғары білікті педагогтар қатарынан құрылды.

Жобаны қаржылық қолдауды Ш. Уәлиханов атындағы университет жүзеге асырады.