Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті Ұлыбританияның Nottingham Trent University университетінен келген қонақтарды бірлескен білім беру жобасы аясында қарсы алуда.
Barclay Samuel Christopher
«Кәсіби және салалық шетел тілі біліміндегі өзекті мәселелер» тақырыбында дәрістер оқып жатыр.
Модуль: Contemporary Methodology of Foreign Language Education
Ол шетел тілдерін кәсіби және академиялық ортада оқытудың заманауи әдістерімен бөлісіп, қазіргі заманның сын-тегеуріндері мен үздік тәжірибелерін талқылайды.
Wang Yun-Ting
«Филологиялық мәтін талдауы негізінде сыни және креативті ойлауды оқыту» пәні бойынша сабақтар өткізуде.
Модуль: Corpus Analysis
Сабақ барысында студенттер корпус талдауының құралдарын меңгеріп, мәтінді интерпретациялау дағдыларын дамытады және кең әрі терең ойлауға үйренеді.
Оқытушылар мен студенттер белсенді түрде пікірталастарға қатысып, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісіп, тәжірибе алмасуда.
Мұндай сапарлар академиялық байланысты нығайтып, ой-өрісті кеңейтеді және білім беру процесіне инновацияларды енгізуге шабыт береді.