2026 жылғы 18 - 19 наурыз күндері Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау Университетінде CAAAE - Орталық Азия білім беру аккредитациясы қауымдастығы тарапынан мамандандырылған аккредитация өтуде.

Аккредитациялық комиссия университеттің келесі білім беру бағдарламаларын бағалауда:

  • 6B06105 Data Science
  • 6B07105 Көлік, көлік техникасы және технологиялары
  • 6B08102 Топырақтану және агрохимия
  • 7M08101 Агрономия

Аккредитация халықаралық сапа стандарттарына сәйкес жүргізіліп, білім беру бағдарламаларының жоғары деңгейін және олардың академиялық әрі кәсіби қауымдастық талаптарына сәйкестігін растауға бағытталған.

Аталған аккредитациядан өту университеттің дамуындағы маңызды кезең болып табылады. Ол білім беру үдерісін жетілдіруге, мамандарды даярлау сапасын арттыруға және олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға ықпал етеді.Сонымен қатар, бұл аккредитация университеттің академиялық сапа, ашықтық және жоғары білім беру саласындағы үздіксіз даму қағидаттарына бейілділігін көрсетеді.